НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Волейболдан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан суперкубогының иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан волейбол федерациясы мәлім еткеніндей, Таразда әйелдер арасында суперкубок үшін Өскеменнің «Алтайы» мен ел чемпионы «Жетісу» (Талдықорған) командалары таласты.
Мұның алдында ел кубогы үшін өткен шешуші кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Сана Анарқұлова бастаған өскемендіктер талдықорғандықтардан 3:2 есебімен басым түскен еді.
Бұл жолы «Алтай» қарсыласын 3:0 (25:16, 25:13, 25:23) есебімен үш партияда ұтып, суперкубок иегері атанды.
Өскемен клубының намысын қорғайтын Даница Радинкович матчтың үздік ойыншысы атанды.
Ерлер арасында Өскеменде өткен суперкубок үшін ойында ел чемпионы алматылық «Буревестник» пен «Атырау» командалары алаңға шықты. Мұның алдында атыраулықтар
ел кубогы үшін жарыста үздік атанған еді.
Бұл жолы алматылықтар атыраулықтарды 3:0 (25:16, 25:19, 25:17) есебімен тізе бүктіріп, суперкубокқа ие болды.
Алматылық Нодирхан Қадырқанов кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).