ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында волейболдан Қазақстан ІV жастар ойындары мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, айтулы додаға республика өңірлерінен жігіттер арасында 14, қыздардан 13 команда қатысып, бақ сынады. Жігіттер арасында Астана да өз командасын қосты.
Жарыс қорытындысында қыздар арасында да, жігіттер тобында да Алматы облысы командасының мерейі үстем болып, жеңімпаз атанды. Волейболшы қыздардан Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының командалары сәйкесінше екінші-үшінші орындарды бөлісті. Жігіттерден оңтүстікқазақстандықтар екінші орынға көтерілсе, павлодарлықтар тағы бір қола жүлдеге ие болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).