Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарында 1-8 орындарға таласады

АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша өз тобында үздік шықты.

Нелли Щербакова жаттықтыратын қазақстандық волейболшы қыздар Жапония, Тайпей, Үндістан, Мальдивы және Солтүстік Корея волейболшыларымен бірге В тобында өнер көрсеткен болатын. Барлық ойында мерейі үстем болған біздің команда енді 1-8 орындар үшін таласуға мүмкіндік алып отыр. Негізгі кезеңдегі алғашқы ойынын олар ертең А тобында 4-орын алған Моңғолия спортшыларымен өткізеді.

Жалпы 18 қарашада басталған бұл дүбірлі доданың ақтық ойындары сенбіде болады.