Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарында Солтүстік Корея құрамасымен 3-орынға таласады

МАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы кеше жартылай финалда жеңілістің ащы дәмін татты.

Топтық кезеңде алдына қара салмай негізгі сайыстарда да сәтті өнер көрсете бастаған жерлестеріміз кеше оңтүстік кореялықтарға 0-3 (15-25; 17-25; 19-25) есебімен есе жіберді. Соның нәтижесінде енді олар жартылай сында Қытай құрамасына 3-0 (25-11; 25-20; 25-15) ойсырай ұтылған Солтүстік Корея спортшыларымен 3-орын үшін таласатын болды. Ақтық сындар 27 қараша күні өтеді. Бұған дейін ерлер командалары арасындағы сайыста Геннадий Паршин жаттықтыратын ұлттық құрама 9-орын алған болатын.