Нелли Щербакова жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде "В" тобында өнер көрсетеді. Біздің команданың қарсыластары - Жапония, Тайпей, Үндістан, Мальдив аралдары мен Солтүстік Корея.
Ал жарыс қожайындары Қытай құрамасы Таиланд, Оңтүстік Корея, Тәжікстан және Моңғолия спортшыларымен бірге "А" тобында сынға түседі. Бұл дүбірлі додада волейболшы қыздарымыздан - Сана Жарлығасова, Людмила Анарбаева, Наталья Жукова, Ольга Наседкина, Коринна Ишимцева, Олеся Арсланова Елена Эзау, Марина Стороженко, Юлия Куцко, Инна Матвеева, Ольга Дробышевская мен Ирина Лукомскаяға ел намысын қорғайды. Олар бірінші ойынын 18 қарашада Мальдив аралдары, ал соңғысын 22 қарашада Жапония құрамасымен өткізеді.
Жалпы Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері 27 қараша күні өтетін ақтық ойында белгілі болады.
14:14, 12 Қараша 2010
Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарында "В" тобында өнер көрсететін болды
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы XVI Азия ойындарында волейболдан әйелдер копмандалары арасындағы жарыста 12 команда бақ сынайтын болды.