Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарының алғашқы кезеңін сәтті өткізуде

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Гуанчжоудағы XVI Азия ойындарындың алғашқы кезеңінде волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы кеше кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Нелли Щербакова жаттықтыратын қазақстандықтар бұл жолы үндістандықтарды 3:0 есебімен (25-18; 25-9; 25-10) ойсырата ұтты. Бүгін олар ақырғы ойынын Жапония құрамасымен өткізеді. Жеңіліссіз келе жатқан бұл екі команданың кездесуінен кейін "В" тобындағы көшбасшы анықталады.

Қазақстандықтар бұған дейін Мальдивы мен Үндістаннан келген құрдастарынан - 3:0, тайпейліктерден - 3:1, ал Солтүстік Корея волейболшыларынан 3:2 есебімен басым түскен еді. Жапондықтар болса кореялықтарды, үндістандықтарды, мальдивиялықтарды 3:0, ал тайпейліктерді 3:2 есебімен ұтты.