Биыл 18-ші рет ұйымдастырылған бұл бәсекеге 7 елден 8 команда қатысты. Иран мен Қазақстанның жастар құрамасы арасындағы кездесу 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ал өзге ойындар 3:0 есебімен аяқталды. Онда Тунис спортшыларын ойсырата ұтқан Үндістан құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Ал Қазақстанның ұлттық құрамасы 3-ші орын үшін болған сында ресейлік «Факель» клубына есе жіберді. Турнирде тунистік Гааби Ичем «Ең нәтижелі ойыншы», Андар Тауерги «Үздік либеро», қазақстандық Дмитрий Горбатков (Қазақстан-1)«Үздік қабылдаушы», үндістандық Навин Раджа Йакоб «Ең бағалы ойыншы», ресейлік Максим Пантелеймоненко «Үздік шабуылшы», беларустық Сергей Бусел «Үздік тосқауылшы» аталымдары бойынша ерекшеленді.
20:24, 27 Тамыз 2011
Волейболдан ҚР Президенті кубогы үшін өткен халықаралық турнирде Үндістан құрамасы жеңімпаз атанды
АЛМАТЫ. 27 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын дүбірлеткен волейболдан ҚР Президенті кубогы үшін өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті.