Волейболдан Орталық Азия чемпионаты: «Жайық» жергілікті команданы ұтты
19:38, 18 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Батысқазақстандық «Жайық» клубы Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында волейболдан өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында екінші жеңісіне қол жеткізді.
Оралдықтар бұл жолы «Dhivehi Sifainge» (Мальдив) командасымен алаңға шықты.
Бірінші партияда Виктор Козиктің шәкірттері 25:17 есебімен басым түсті. Содан кейін де осы қарқынынан танған жоқ – 25:22, 25:15. Қорытынды есеп – 3:0, «Жайықтың» пайдасында.
Қазақстан чемпионы 19 шілде күні тағы бір жергілікті «HDC» клубымен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жайық» клубының Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.