10:57, 13 Сәуір 2009
Волейболдан Ұлттық лигада «Алматы» клубы XVII ел чемпионатының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командаларының «Плей-офф» ойындарында «Алматы» клубы XVII ел чемпионатының жеңімпазы атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматыдағы «Темірдос» спорт кешенінде өткен «Плей-офф» ойындары
сәуірдің 4-інде өз жалауын көтерген болатын. Финалдық ойында сәуірдің 8-і күні Хромтаудың «Қазхромы» Оралдың «Конденсатынан» 1:3, алматылық «Алматысу» Атыраудың «Атырауынан» 0:3 есебімен ұтылды. Ал сәуірдің 9-ында хромтаулықтар 0:3 есебімен оралдықтардан екінші рет ұтылса, алматылықтар 3:0 есебімен атыраулықтардан есе қайтарды. Сол себепті олар кеше ақтық кездесуде қайта кездесіп, бұл жолы 3:1 есебімен басым түскен «Алматы» волейбол клубы ел чемпионы атанды. «Атырау» күміс, «Хромтау» қола жүлдегер атанды.