Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының ақтық турында «жетісулықтар» жеңіліссіз келе жатыр
Олар турнир кестесінде үздік үштіктің қатарында келе жатқан «Астана», «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) мен көш соңындағы «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) волейболшыларына бірде-бір ұпай ұстатқан жоқ. Бүгін онда барлық командалар демалыс алды.
Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша Қарағанды облысының спортшылары Павлодар облысының волейболшыларымен аралдағы ұпай айырмасын 7-ден 1-ге дейін қысқартып, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Қазір «Жетісуда» - 63, «Астанада» - 45, «Ертіс-Қазхромда» - 32, «Қарағандыда» - 31, «Алматыда» - 26, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» - 6 ұпай ғана бар. Бұл турда әзірге павлодарлықтар мен өскемендіктер ғана өз қоржынына бірде-бір ұпай қоса алмауда. 3 сәуірде жалауы көтерілген бұл дода алдағы сейсенбіде өз мәресіне жетеді.