Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары ХХІ Қазақстан чемпионатының 1-ші турын Хромтауда өткізеді

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Хромтауда 11-18 қараша күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында 2012/2013 жылғы маусымдағы ХХI Қазақстан чемпионатының 1-ші туры өтеді.

Оған «Алматы», «ТНК Қазхром» (Хромтау), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Атырау», «Есіл» (Қызылжар), «Конденсат» (Орал) және «Павлодар» командалары қатысады. Павлодарлықтар бұл дүбірлі додаға  Ұлттық лиганың Атқару комитеті мен жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен  қосылып отыр.  

Жалпы ел чемпионатының 2-5  турлары 7-16 желтоқсанда - Павлодарда, 7-16 ақпанда - Өскеменде, 5-14 наурызда - Атырауда, 5-14 сәуірде - Алматыда өтпек. Бұған дейінгі маусымдарда ел чемпионы атағын алматылықтардан «ЦСКА-Азамат» клубы 1 рет (1996), «Азамат» клубы  2 рет (1993-94), «Рахат-ЦСКА» клубы 2 рет (2004-05), «Рахат» клубы 2 рет  (206-07), «Алматы» клубы 5 рет (2008-2012)  иеленген болатын. Ал теміртаулықтардан «Болат» 1995 жылы, оралдықтардан «Жайық» - 1998 жылы, «Консенсат» - 2001 жылы, семейліктер - 2002 жылы, атыраулықтар  - 2003 жылы бұл мәртебені  иеленді.