Алғашқы 2 ойынның қорытындысы бойынша «А» тобында 6 ұпаймен «Қостанай» мен «Грация Астана KZ» көш бастауда. Олардан 1 ұпайы кем өскемендік «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» үшінші сатыда тұр. «Спартак АМТ» (Теміртау) қоржынында - 1, «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) мен «Қарағанды-2» командаларында бірде-бір ұпай жоқ. Ал бұл топтан биылғы маусымда «Б» тобына түсіп қалған «Алматиночка-Алматы» командасының қазіргі қарқыны көңіл қуантарлықтай болып отыр. Олар қазір 6 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысының «Қазығұрт» командасымен үзеңгі қағыстырып қатар келе жатыр. Одан кейінгі орындарды 3 ұпаймен Астананың «Оқушылар сарайы» мен Қызылжардың «СКО» командалары өзара бөліссе, қоржыны бос келе жатқан Алматы облсының «Жетісу-2» мен Алматының «ЦСКА-ВКС-ҚазАСТ» волейболшылары турнир кестесін түйіндеуде.
16:01, 15 Қараша 2012
Волейболдан Жоғарғы лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатын алматылықтар сәтті бастады
АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан Жоғарғы лиганың «А» және «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтіп жатыр.