Волгоград лаңкесі өлтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Махачкалада күш-қуаты құрылымдары Волгоградтағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылардың бірінің көзін жойды. Содырлар Дағыстан астанасында, Гагарин көшесіндегі бір үйде қамауға алынды, деп хабарлады Утро.ру.

Күш-қуат құрылымдарының мәліметі бойынша, пәтерде алты лаңкес болған. Келіссөз нәтижесінде олардың біреуі қарсылықсыз беріліп, басқалары қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс кезінде барлық лаңкестің көзі жойылды. Өлтірілгендер ішінде 25 жастағы орыс ваххабиты, Волгоградтағы лаңкестік әрекетке қатысқан бандалық топтың көшбасшысы Абдул-Малик лақап атымен танылған Алексей Пашенцев бар.