Сотталғандар тәртіптік комиссия отырысында түзеу мекемесінің қызметкерлерін қамауға алды, деп хабарлаған ТАСС агенттігіне Ресейдің Федералды қылмыстық атқару қызметінің баспасөз қызметі.
Жедел қызметтің мәліметінше, шабуылға кемінде үш тұтқын қатысқан.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Колонияда кепілге алынғандарды босату операциясы жүріп жатыр. Сондай-ақ жедел қызмет түзеу колониясының бір қызметкері қаза тапқанын хабарлады.
Зардап шеккен төрт қызметкер ауруханаға жеткізілді.
Тергеу комитеті кепілге алу фактісі бойынша (РФ Қылмыстық кодексінің 206-бабының 4-бөлігі, РФ ҚК 321-бабының 3-бөлігі) іс қозғады.