Ведомствоның хабарлауынша, «Новодербенов хуторында алынған сараптауға қарағанда, осы елді мекенде түйнеменің қоздырғышы анықталған».
Новодербенов хуторының түйнемеге қандайда бір қатысы бар деген екі күдікті азаматы ауруханаға жөнелтілді. «Хуторға карантин жарияланды, осыған сәйкес түйнеменің алдын алу жөнінде нақты шаралар қарастырылуда», - деп хабарлайды Федералдық карантин қызметі.