АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Волгоградта автобус салонында жарылғыш зат іске қосылып, соның салдарынан кем дегенде алты адамның өмірі қиылды, деп жазады ВВС.
Ресейдің лаңкестікке қарсы күрес ұлттық комитетінің хабарлауынша, автобуста анықталмаған жарылғыш зат іске қосылған.
Кем деген 18 адам зардап шегіп, олардың кейбірінің жағдайы мүшкіл. Ресейлік ТЖМ ауыр жарақат алғандарға ем-дом жасау үшін оларды ұшақпен Мәскеуге жеткізуге даяр екенін мәлімдеді.
Қазіргі кезде аталған елдің Тергеу комитеті адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.