Мағлұматқа ие дереккөзге сілтеме жасап Bloomberg-тің жазуынша, кәсіподақ өкілдері жұмысшылардың жаппай қысқартылуына басшылықтың жаңа жұмыс орындарын құруға және электрокар секторын дамытуға берген уәдесінен кейін келіскен. Volkswagen электромобильдер өндірісі мен сандық жүйе құру үшін 9 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлауда. Бұдан басқа, Volkswagen кәсіподақтармен уағдаластық аясында Германияда - Вольфсбург және Цвиккау зауыттарында электромобильдерді құрастыруға келісті.
Неміс зауыттарындағы өндірістік шығыстардың қысқартылуы - 3 миллиард еуроны, шетелдік зауыттарда 700 миллион еуроны құрамақ, деп хабарлады Лента.ру. Қазанның соңында немістің Volkswagen Ag автоконцерні америкалық көлік иелері мен АҚШ билігіне 14, 7 миллиард доллар өтемақы төлейтіні белгілі болды.