Volkswagen әскери көліктер шығаруы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Volkswagen Rheinmetall компаниясымен ықтимал ынтымақтастықты талқылап жатыр. Бұл туралы Kazinform BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі компанияның ықтимал ынтымақтастығы туралы қауесеттер көптен бері айтылып келеді. Таяуда VW бас директоры Оливер Блюм британиялық Telegraph газетіне берген сұхбатында бұл хабарды растады.
— Егер әскери көліктер саласында алға жылжу мүмкіндігі болса, біз бұл тұжырымдамаларды қарастырамыз, - деді ол.
Аталған әскери концерннің бас директоры Армин Паппергер бір күн бұрын Оснабрюктегі Volkswagen зауытында болды. Ол зауыт әскери көліктерді шығаруға «қолайлы» деген қорытындыға келді.
Rheinmetall және MAN Truck and Bus, Volkswagen жүк көлігі бөлімшесі, 2010 жылдан бері бірлескен кәсіпорны бар. Олардың Rheinmetall MAN Military Vehicles (RMMV) жобасы басқалармен қатар Мюнхен мен Кассельде (Гессен) әскери көліктер шығарады.
Bild ақпарат порталының хабарлауынша, Volkswagen бундесвер мен шетелдік тұтынушылардан тапсырыстар көбейген бойда Оснабрюкте қазіргі RMMV үлгілерін шығаруды бастауы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін Бейжіңде әлемдегі алғашқы «жедел жәрдем роботы» таныстырылғанын жазған едік.