Қазақстандықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кенжебек қақпаның кілтін екі рет тапса, тағы бір голды Мұхит соқты.
Екінші ойын осы күні, бірақ сәл кешірек өтті. «Қайраттың» қарсыласы Австрия намысын қорғаған «Штурма» шәкірттері болды. Бұл жолы қазақстандықтардың жолы болмады. Есеп 0:2. Ойын австриялықтардың пайдасына шешілді.
Қазіргі уақытта Кирилл Кекердің шәкірттері 3 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Олар Австрия мен Ирландияны алға жіберіп алды. Кувейт пен Ирландияға қарсы ойын ертең өтеді.