Volkswagen келесі жылдан бастап ең жылдам Golf көліктерін шығармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Volkswagen Golf тарихындағы ең жылдам әрі қуатты көлік келесі жылдан бастап сериялық өндірісте құрастырыла бастайды.

Golf R негізіндегі автомобильдің двигателінің күші 400-ге жетеді (стандартты нұсқасында ол небәрі 300-ге жеткен). Сондай-ақ жаңа трубина орнатып, басқару блогын қайта күйге келтірудің нәтижесінде двигатель қуаты да ұлғайтылды. Яғни, көлік қуатын арттыру арқылы оның жылдамдығын да арттыру мүмкін болды. Енді автокөліктің 100 км/сағатқа шаққандағы жылдамдық алуы 1 секундқа кеміп, 3,9 секундты құрайды, деп хабарлайды Росбалт.

Айта кетейік, жаңа заманғы Volkswagen Golf R өткен жылы Франкфурттегі автокөлік салонында таныстырылған болатын.