Volkswagen Ресейден 60 мың Volkswagen Touareg мен Porsche Cayenne көліктерін кері қайтарып алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Volkswagen автоөндірушісі Ресейден шамамен 60 мың автомобильді қайтарады, деп хабарлады «Ведомости» газеті.

Қайтарылатын көліктер - 2011 жылдан 2016 жылға дейін шығарылған 44 мың Volkswagen Touareg модельді автомобиль мен 15,86 мың Porsche Cayenne.

Қайтарылатын көліктерде тежегіш педалінде ақаулық анықталғаны айтылды. Көлік иелері үшін барлық жөндеу жұмыстары тегін болады.

Бұрын хабарланғандай, Volkswagen бүкіл әлемнен 800 мың Touareg және Porsche Cayenne автомобилін қайтарады.