Волонтер студенттерді қолдауға арналған жұмыстар басталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми шараға Білім және ғылым вице-министрі ФатимаЖақыпова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, «Ұлттықволонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы ЗТБ атқарушы директоры ТатьянаМиронюк, «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов, «Азаматтық бастамалардықолдау орталығы» комерциялық емес АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушыГүлбану Заманбекова қатысты.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай студенттерді әлеуметтік және қоғамдық пайдалы қызметкекеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы басталады.

Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттеріақшалай сыйақы алып, қоғамдық пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялықкредиттерді қайта есепке ала алады.

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде,қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмеккөрсетеді. «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске қосу 2019 жылдыңқыркүйек айына жоспарланған, ал оның тақырыптық модулі «Qazvolunteer.kz» волонтерлердің бірыңғай интернеттұғырнамасында орналасады.

Вице-министр Д. Есин волонтерлердің бірыңғайинтернет платформасы «Qazvolunteer.kz»ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-менбірлесіп әзірлегенін еске салды. Онлайн-тұғырнама qazvolunteer.kz волонтерлікқызметке қатысушылардың өзара іс-қимыл тетіктерін құруға, Қазақстанныңволонтерлері мен волонтерлік ұйымдарының қызметін үйлестіруге, волонтерлікжобаларды/бағдарламаларды/акцияларды ақпараттық қолдауды жүзеге асыруғамүмкіндік береді. Тұғырнамада кез келген адам онлайн-тіркеуден өтіп,волонтерлік қызметке қосыла алады. «Бүгінде тұғырнамада 1,4 мыңнан астамтіркелді, сондай-ақ 60-тан астам волонтер ұйымдары жұмылдырылды», - деді ДаниярЕсин.

«Қаржы орталығы» АҚ департаменті директорыныңорынбасары Ақжол Құрмансейіттің сөзіне қарағанда, бұл бастама волонтер жастардықолдау мақсатында, ЖОО-да күндізгі бөлімде оқып жатқандардың шәкіртақысын 30пайыз деңгейінде көтеру бағытында іске асырылады.

«Осы негізде еліміз бойынша биыл 10 мың тарта жасазаматты қамтимыз деген жоспарымыз бар. Алдағы жылы олардың саны 44 мыңғажеткізілмек, сондай-ақ одан кейінгі жылдары жобаның қатысушысы ретінде 50 мыңадамды жұмылдыру ескерілген. Ерікті жастарды тек қана тегін жұмыс жүргізугеемес, сонымен қатар оларды ынталандыру мақсатында, яғни университетте оқыпжүрген жастардың елімізге тигізіп жатқан пайдасын мемлекет тарапынан қолдаутұрғысында жүзеге асырылып жатыр», - деді А. Құрмансейіт.

Естеріңізге сата кетейік, жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке волонтерлікпенайналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттырудытапсырды.

Соңғы жаңалықтар