ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының еріктілері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайлы шаһар басшысы Жақсылық Омар Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.
«Коронавирустың алдын алу мақсатында қаламызда волонтерлердің бастамасымен қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу қызметі іске қосылды. Көмек көрсету сұрақтары бойынша 8747-202-13-26, 25-01-90 телефондарына хабарласуға болады», - дейді әкім.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.