«Волонтерлікті дамыту аясында 2018-2020 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамыту бойынша жол картасы жүзеге асырылуда. Ұлттық волонтерлік желімен бірлесе биылғы сәуір айында qazvolunteer.kz онлайн-тұғырнама енгізілді. Бұл өз кезегінде еріктілердің қызметін үйлестіруге мүмкіндік беріп, олардың жобаларына ақпараттық қолдауды іске асырады», - деді министр халықпен есептік кездесуінде.
«Қазіргі кезде Мемлекет басшысы жариялаған алдағы жылдағы «Волонтерлік жылын» өткізуге белсенді дайындық жүруде», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдірді.