Volvo маркасы қытайлықтарға сатылды

МӘСКЕУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Қытайдың Geely Automotive компаниясы Volvo маркасын сатып алу туралы Ford концернімен алдын-ала келісімге қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.Мәмілеге қатысушылардың ресми өкілдері бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ. Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының деректері бойынша Geely-дің сатып алуы ресімделгеннен кейін Қытайда Volvo автомобильдерін шығаруды жолға қою жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Дунгуань қаласында, Гуанчжоу провинциясында қазір АҚШ-та құрастырылатын Volvo XC90 кроссоверлерін шығаратын зауыт салынбақшы.