Өндіруші автосүйер қауым мен жүргіншілердің қауіпсіздігін де ескерген. Volvo инженерлері американдық жүргізушілер күн сайын жолға жұмсайтын орташа уақыттарын - 26 минутты барынша қызықты өткізуі қажет деп санайды, сондықтан да жүргізушіге Concept 26 үш режімді ұсынады: көлік жүргізу, жұмыс істеу және көңіл көтеру. Бірінші режім көлікті әдеттегі басқаруға арналған. Екіншісі жүргізуден бөлек, жылжымалы үстел мен компьютер көмегімен жұмыс істеуге, үшіншісі - жолды қысқартып, дем алу үшін 25 дюймді мониторда кино көріп немесе музыка тыңдап, уақыт қысқартуға арналған, деп хабарлады "Популярная механика" порталы.