Боровое ауданында жолбарыстың жүргені туралы хабарламалар жедел қызметтерге жексенбінің таңында түсе бастады. Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер келіп, жолбарыстың жүрген жерін қоршауға алды.
Полицейлер қалалық хайуанаттар бағынан ветеринарды шақыртып, арнайы құралдардың көмегімен жануар қимылсыз етіліп, байланып, одан кейін хайуанаттар бағына жеткізіліп, арнайы торға кіргізілді, деп хабарлайды piter.tv.