АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдердің теннис қауымдастығы чемпиондар жарысының рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.
Әзірге әлемнің үздік теннисшілері жаңа маусымға дайындалып жатыр, ал тізімде қытайлық Шуай Чжан көш бастап тұр, екінші орынды ресейлік Евгения Родина, ал үшінші орынды тағы бір қытайлық спортшы - Пенг Шуай иемденді.
Қазақстандық Галина Воскобоева 164-орыннан 40-орынға көтерілді.
Жұп кестесінде Галина македониялық Лина Гьорческаямен бірге 18-орынды еншіледі.