94 кг салмақ дәрежесі бойынша ерлер арасындағы тартыста ресейлік Александр Иванов жеңіске қол жеткізді. Ресейлік спортшы жалпы 402 кг еңсерді. Содан кейінгі орындарда қазақстандықтар Алмас Өтешов (397 кг) пен Владимир Седов (396) тұр.
09:33, 27 Қазан 2013
Вроцлавтағы Әлем чемпионатында Алмас Өтешов екінші, Владимир Седов үшінші орын иеленді
АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Польшадағы Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды sports.kz.