«Vuelta a Espana» көпкүндігінде 4-інші кезеңінде астаналық велошабандоз Асан Базаев мәре сызығын үшінші боп кесіп өтті

АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Испаниядағы «Vuelta a Espana» көпкүндігінің 160,6 шақырымдық төртінші кезеңінде «Астана» велоклубының шабандоздары алғаш рет жеңімпаздар тұғырына көтерілді.

Симон Кларкиден 22 секунд, ал Тони Мартиниден 2 секунд кешіккен  Асан Базаев мәре сызығын үшінші боп кесіп өтті. Сондай-ақ үздік ондықта Андрей Зейц 8-інші орында көрінді.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде Кевин Зельдреерс 22-ден 18-інші, Паоло Тиралонго 137-ден 66-ыншы, Александр Дьяченко 52-ден 51-інші, Андрей Зейц 92-ден 52-інші орынға көтерілді. Ал Андрей Кашечкин 21-ден 38-інші, Егор Силин  38-ден 45-інші,   Фредерик Кесякоофф 21-ден 42-інші орынға төмендеді.