Төртінші кезеңде мәре сызығын үшінші боп кесіп өткен Асан Базаев кеше жарыс жолын 180-інші боп аяқтады. Қазір 5 кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы жіктелімде Кевин Зельдреерс - 18-інші, Андрей Кашечкин - 39-ыншы, Фредерик Кесякоофф - 42-інші, Егор Силин - 46-ыншы, Андрей Зейц - 51-інші, Александр Дьяченко - 53-інші, Асан Базаев - 64-інші, Паоло Тиралонго - 86-ыншы орында келе жатыр.
Биыл 67-інші рет өтіп жатқан бұл дүбірлі дода 18 тамызда Андоррадан басталған болатын. 3281,6 шақырымдық 21 кезеңнен тұратын аталмыш бәсеке 9 қыркүйекте Мадридте мәреге жетеді. Онда спортшылар 27 тамыз бен 4 қыркүйекте ғана тынығып, қалған күндері жарыс жолына шығатын болады.