Кешегі 164,2 шақырымдық жетінші кезеңде астаналық велошабаондоз жалпы жіктелімдегі көрсеткішін біршама жақсартуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда Кевин Зельдреерс 19-дан 16-ға, Андрей Кашечкин 35-тен 32-ге, Андрей Зейц 42-ден 36-ға, Фредерик Кесякоофф 51-тен 46-ға, Александр Дьяченко 55-тен 54-ке көтерілсе, Паоло Тиралонго 71-ден 74-ке, Егор Силин 91-ден 92-ге, Асан Базаев 98-ден 108-інші сатыға төмендеді. Қазір Жоакюин Родригуез (Joaquin Rоdriguez) 25 cағат 53 минут 04 секунд уақыт көрсеткішімен көш бастап келе жатыр. Одан астаналықтардың бельгиялық шабандозы Кевин Зельдреерс 2 минут 20 секундқа артта қалып отыр. Алда әлі 13 кезең бар.
19:33, 25 Тамыз 2012
«Vuelta a Espana» көпкүндігінде астаналық велошабандоз Кевин Зельдреерс 16-ыншы орында келе жатыр
АЛМАТЫ. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Испаниядағы «Vuelta a Espana» көпкүндігінің бүгін 174,7 шақырымдық сегізінші кезеңі өтеді.