«Vuelta a Espana» көпкүндігінің ақтық кезеңдері өтуде

АЛМАТЫ. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Испаниядағы 67-інші «Vuelta a Espana» көпкүндігінің 111,9 шақырымдық ақтық кезеңі бүгін Серседилдья мен Мадирд аралығында тегіс жолда өтеді.

18 тамызда Памлонде командалық сыннан басталған 3281,6 шақырымдық бұл байрақты бәсеке 21 кезеңнен тұрады. Онда командалық сында 15-інші кезеңнен бері «Movistar Team» командасы, ал жекелей сында 17-інші кезеңнен « Saxo Bank - Tinkoff Bank» командасының испаниялық велошабандозы Алберто Контадор көш бастап келе жатыр. Онда "Astana  Pro Team" командасынан 11-ші кезеңде швециялық   Фредрик Кесякофф үздік шыққан болатын. Сондай-ақ осы кезеңнің «Ең азулы велошабандозы» деп танылды. Кеше спортшылар Сеговия мен Бола дель Мунда аралығындағы 169,5 шақырымдық 20-ыншы таулы кезеңін өткізді.