Естеріңізге сала кетейік, 1968 жылы дүниеге келген Қазақстан азаматы В. Тыц ағымдағы жылғы 14 маусымда денесін шалған 2-3 дәрежегі күйікпен Жезқазғанның орталық ауруханасының травматологиялық бөліміне жатқызылды. 15 маусымда ол санитарлық авиация қызметімен Қарағандыға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысқанымен, өкінішке қарай Вячеслав Тыцты аман алып қалу мүмкін болмады.
Ол ресейлік «Машина жасау ҒӨБ» кәсіпорында қызмет еткен болатын. Бұл кәсіпорында ол зымыран-тасымалдағыштың бөлінген бөлшектерін жинау бойынша жұмыстарды атқарған еді. «Машина жасау ҒӨБ» өкілдерінің мәліметінше, оның отбасына барлық тиісті сақтандыру төлемдері жасалады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылы 14 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауынан Қарағанды облысы Ұлытау ауданында алқап өртенді. Төтенше жағдайдан «КамАЗ» машинасының жүргізуші Юрий Хатюшкин қаза тауып, оның әріптесі Вячеслав Тыц ауыруханаға жеткізілген болатын.