«ВымпелКом» ААҚ алғашқы тоқсанның қорытындысын шығарды

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін ТМД елдері аумағында телекоммуникациялық қызмет көрсету саласындағы жетекші провайдер саналатын «ВымпелКом» ААҚ Мәскеу мен Нью-Йоркте алғашқы тоқсанның қаржылық және операциялық қорытындысын жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ВымпелКом» компаниялар тобы Ресей, Қазақстан, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Армения және Вьетнам мен Камбоджада 340 миллион тұтынушыға қызмет көрсетеді. Оның Қазақстандағы операциялық таза түсімі биылғы алғашқы тоқсанда 5 223 миллион рубльге жетті. Ал мобильді байланыстың кірісі 5 145 миллион рубль болды.