деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚаР-Тел» ЖШС-не сілтеме жасап.
Байланыс операторлары бұл жобаны іске қосу туралы шешімді ағымдағы жылдың ақпан айында Барселонада өткен Бүкіләлемдік GSM Мобильдік қауымдастығы конгресінде қабылдаған болатын. Әлемде 1 миллиардтан астам абонентке қызмет көрсететін Бүкіләлемдік GSM Мобильдік қауымдастығына құрамына кіретін 18 байланыс операторы енді сәуірдің 20-сынан бастап арнайы шара өткізуде. Ол шілденің 11-не дейін созылмақ. Бұл шара негізінде олар әрбір абонентке «1Goal: Білім бәрі үшін» жобасын қолдауға өз дауыстарын беруге мүмкіндік береді. Қазақстанда Beeline сауда белгісі бойынша жұмыс жасайтын «ВымпелКом» компаниялар тобы SMS-дауыс беруді қамту аумағындағы барлық елдерде өз абоненттері арасында тегін өткізеді.