Взводтардың жауынгерлік жаттығуларға төселуі жөніндегі шараларды өткізу мотоатқыш, барлаушы, танктік, десанттық шабуылдаушы, зениттік-ракеталық взводтарға арнайы жасалған тақырыптар бойынша жүзеге асырылды. Жеке құрамға әр түрлі жағдайларда ұрыс қимылдарын оқытып-үйрету мақсатында сабақтар қарастырылды.
Жауынгерлік әзірлік бойынша өткізілген шаралардың негізгі ерекшеліктерінің бірі Аэроұтқыр әскерлері взводтары үшін тактикалық және әуе десантын түсіру болып табылды.
Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде өткізілген жаттығуларға төселу жөніндегі шаралардың қорытындысы: жеке құрам взвод құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуде мол тәжірибе жинақтады. Үйренуші әскери қызметшілер ұрыс кезіне жақындатылған жағдайда әрекет етіп ұрыс даласында өзара іс қимыл жасауға дағдыланды. Бұл кез келген тапсырманы орындаудың негізі болып саналады.