Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметінен мәлім етті.
Бүгін 15 мамыр күні мәскеу уақыты бойынша сағат 05.15-те W3D ғарыш аппараты «Бриз-М» үдеткіш блогынан ұшу циклограммасына сәйкес ажырады.
«Бриз-М» үдеткіш блогы бар ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыраны «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200-ші алаңының ұшу кешенінен 14 мамыр күні мәскеу уақыты бойынша сағат 20.02-де ұшырылған болатын.
Басты блок зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан ажыраған соң, оның орбитаға одан әрі шығарылуы үдеткіш блоктың қозғалтқыш қондырғысының жұмысы арқылы іске асты.