WADA 2020 жылы спортшылар үшін тыйым салынған заттардың тізімін жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік өзінің ресми сайтында 2020 жылға тыйым салынған препараттар мен әдістердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіпке сәйкес, құжат күшіне енгенге дейін үш ай бұрын жарияланады. Бұл, спортшылар мен олардың ортасы кез келген өзгерістермен алдын ала таныс болуы үшін жасалады.

«WADA 2020 жылы спортшылар үшін тыйым салынатын заттардың тізімін жариялайды. Жыл сайын жаңартылатын тізім әлемнің барлық антидопингтік институттары арасында ұзақ уақыт талқыға салынады. Бұл, нарыққа еніп үлгерген немесе клиникалық әзірлену сатысындағы допинг-ықтималдылығы бар барлық жаңа заттар мен әдістерді тыйым салынған заттар тізіміне енгізу үшін жасалатын кешенді процесс. Мұндай әрекет жалпы спортты ғана емес, әлемдегі барлық спортшылардың денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді WADA бас директоры Оливье Ниггли.

WADA ресми сайтында мәлім етілгендей, жаңа затты немесе әдісті тізімге енгізу үшін WADA сарапшылары оларды үш критерийдің кем дегенде екеуіне сәйкестігін анықтауы керек.

Нақтыланған тізімді 2019 жылдың 23 қыркүйегінде WADA Атқарушы комитеті бекітті. Ол 2020 жылғы 1 қаңтарында күшіне енетін болады.

Соңғы жаңалықтар