Осыған дейін хакерлер сегіз елдің 25 спортшысынан допинг анықталғаны туралы құжаттарды жариялады.
WADA құжаттарды ұрлады деп «орыс хакерлерін» айыптады. Айта кету керек, агенттікте құжаттар ADAMS (Anti-Doping Administration and Management System - Допингке қарсы әкімшіліктендіру және басқару жүйесі) жүйесі салдарынан ұрланғанын мойындады.
"Ресей тарапынан кибер-шабуылдар ресейлік допингке қарсы бағдарлама ережелеріне сәйкес қалыпқа келтіру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға кедергі келтіруде", - деді WADA бас директоры Оливье Ниггли.