WADA ресейлік спортшыларды тексеруге қанша қаржы жұмсағанын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) ресейлік спортшыларды тексеру үшін 4 млн доллар қаражат жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүкіләлемдік допингке қарсы орталықтың хабарламасына сүйенсек, олар ресейлік спортшыларды тексеруге.

Естеріңізде болса, Fox Sports телеарнасы осыдан бірер ай бұрын 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарындағы жүлделерінен айырылған спортшылардың толық тізімін жариялаған болатын. Сол тізімде ресейліктер 19 медалінен айырылып, медальден айырылғандар көшін бастаған болатын.

Ал біздің спортшылар 9 медалімен қоштасып, екінші орыннан көрінген. Қазақ спортшыларынан кейін, Беларусь спортшылары 7 медалінен айырылып, «үздік үштікті» түйіндегені белгілі.

Көбіне бұл дауға іліккендер - ауыр атлеттер. Олардың барлық саны - 26. Ал жеңіл атлеттерде - 18, күрес шеберлерінде 5 оқиға тіркелген еді. Одан кейін де кейбір спортшылардың допинг тексерісі оң нәтиже бергені анықталған.

Негізі, WADA тексеру жұмыстарын 2015 жылы бастаған болатын. Сол уақыт аралығында ресейлік спортшылар бірінен соң бірі спорттан шеттетіліп, атақтарынан айырылды. Осындай, атақтарынан айырылғандар қатарында жерлестеріміз де жоқ емес.

Олардың қатарында 2008 жылы Олимпиада ойындарынан ауыр атлетиканың алыптары Илья Ильин (алтын), Ирина Некрасова (күміс), Мария Грабовецкая (қола), сондай-ақ еркін күрес шебері Таймураз Тигиев те (күміс) бар. Бұл тізімді грек-рим күресінің шебері Әсет Мәмбетов (қола) болса, Лондонда өткен 2012 жылғы  жазғы Олимпиада ойындарында тек «алтын» зілтеміршілеріміздің нәтижесі жойылды. Олар: И.Ильин, Мая Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанло бар.