Walmart желісі Канадада «Visa» карталарын қабылдаудан бас тартты
18:48, 12 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі бөлшек сауда желілерін басқаратын америкалық «Walmart» дүкендер желісі Канадада «Visa» төлем картасын қабылдаудан бас тартты. Бұл туралы сенбіде канадалық «CBC» телеарнасы хабарлады.
Бұған Канадада транзакция жүргізу үшін комиссия ставкасы тым жоғары екендігі себеп болған.
«Канадада Visa картасы түріне қарай алынған жиын 2,5 пайызға дейін жетеді», делінген ресми мәлімдеме.
Ал, «Visa» интернет сайтында Канадада транзакция үшін жиын ең төмен екені және 1,42 пайыздан 2,08 пайызға дейін ғана түрленіп отыратыны айтылды. Walmart Visa-мен келіссөз барысында «бұл жағдайды реттейтініне» сенім білдірді.
Walmart желісінің күллі әлем бойынша 11,5 мың дүкені бар, Канадада олардың 400-ге жуығы орналасқан.