Warner Bros Шерлок Холмс туралы үшінші фильм түсіруде

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Warner Bros Роберт Дауни-кіші мен Джуд Лоудың қатысуымен Шерлок Холмс туралы үшінші фильм түсіруге кірісті. Бұл туралы bnews.kz Deadline сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сценарист ретінде үшінші фильмнің серияларына компания Дрю Пирсті таңдады. Қазіргі уақытта Пирс «Темір адам 3» картинасының сценарийін жазумен шұғылдануда. Басты рөлде мұнда да кіші Дауни ойнайды, деп жазады Лента.ру.