WBA басшысы: Головкин-Джейкобс кездесуі орта салмақтағы жағдайды тұрақтандырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA президенті Джилберто Мендоса орта салмақтағы супер чемпион, қазақстандық Геннадий Головкин мен тұрақты чемпион Дэниел Джейкобс әлі де болса кездесу өткізу жөніндегі келісімге келе алатындығын атуда. Бұған балама ретінде екі жақтың бірі өздерінің атақтарының бірінен бас тартулары керек, деп жазады championat.com.

«Біз атақты босатып беру туралы айтып отырған жоқпыз. Бізге күту керек. Головкин орта салмақта чемпион атанғысы келеді және ол өзінің атақтарының бірінен бас тартпайды әрине. Тура осыны Джейкобс туралы да айтуға болады. Бұл кездесу орта салмақтағы жағдайды тұрақтандырады»,-деп келтіреді Мендосаның сөзін The Ring.