WBA Мэнни Пакьяоны ресми түрде әлем чемпионы титулынан айырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Филиппин елінің аты аңызға айналған боксшысы Мэнни Пакьяо WBA Super нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылып, «демалыстағы чемпион» дәрежесіне өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал оның белбеуі бұрын WBA Regular титулының иегері болған Куба боксшысы Йорденис Угасқа (26-4, 12 КО) өтті.

Еске сала кетсек, Мэнни Пакьяо соңғы рет өз титулын 2019 жылдың 20 шілдесінде қорғаған. Ол кезде боксшы американдық спортшы Кит Турманнан басым түскен болатын.