WBA рейтингі: Бейбіт Шүменов ТОП-15-те көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша, әлем боксшыларының рейтингі жаңартылды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық боксшылардың рейтингте орындары өзгерген жоқ. Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ (90,7 келіге дейін) санатында ТОП-15-те көш бастап тұр, Қанат Ислам бірінші орташа салмақ санатында (69,8 келіге дейін) алтыншы сатыда, ал Жанат Жақиянов жеңіл салмақ санаты бойынша (53,5 келіге дейін) екінші орында.