Жаңартылған рейтингте бірінші ауыр салмақтағы отандасымыз Иса Ақбербаев (20-0-0,15 КО) және жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров (22-0-0, 15 КО) тиісінше 11 және 12-орынға сырғыды.
Жақында спорттық мансабын аяқтаған жеңіл салмақтағы отандасымыз Жанат Жақиянов (27-2-0, 18 КО) болса 9- орынға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) ақпан айының рейтингінде 2-орынға көтерілгені туралы хабарлаған болатынбыз.