Қанат Ислам кәсіпқой рейтингте он алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның салмағында қазір әлемнің супер чемпионы америкалық Флойд Мэйуэзер. Қанат Ислам жақында кәсіпқой бокста қалатынын, «Астана арландарының» сапына оралмайтынын мәлімдеген. Ол Майами қаласында жаттығады, деп хабарлайды alaman.kz.