Қазақстандық боксшы WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» чемпион атағының иегері Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) белдігінен айырылды. Енді бұл атақ осыған дейін аталмыш ұйымның уақытша чемпионы болып келген кубалық Юниер Дортикосқа (21-0, 20 КО) тиесілі.
Айта кетейік, Шүменов пен Дортикос сәуір айында өзара кездесу өткізуі қажет болатын. Алайда қазақстандық боксшының жарақат алып қалуына байланысты кездесу кейінгі қалдырылған. Сонымен қатар кубалық боксшының «Бүкіләлемдік бокс суперсериясына» қатысатыны белгілі болды.