WBA тұжырымдамасы бойынша өткізілетін жекпе-жекте Әлем чемпионы атануға тырысамын - боксшы Б. Шүменов

АНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүкіләлемдік Бокс қауымдастығының (WBA) чемпиондығын сарапқа салатын қазақстандық Бейбіт Шүменов пен Испания боксшысы Габриел Кампилло бүгін Астанада журналистермен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу қарсаңында тамаша жаттығудан өттім. Чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алғаныма және әлемдік деңгейдегі жекпе-жекте ел намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын. WBA тұжырымдамасы бойынша бәсеке өз елімде өтетіндіктен, Әлем чемпионы атануға тырысамын», деді кездесу барысында  Б.Шүменов.

Өз кезегінде Г.Кампилло Қазақстан тарапынан жасалып жатқан қонақжайлылық туралы айта келе, «жекпе-жек өте қызықты, тартысты болатынына» шәк келтірмеді.

«Екі мықты боксшы қолғап түйістіреді. Бейбіт аса шапшаң, ақылды, шымыр. Сондықтан кездесу жоғары деңгейде өтеді», деді испандық кәсіпкой боксшы Г.Кампилло.

«Шақыруды қабылдап, чемпиондық атағын қорғауға  келген Габриел Кампиллоға рахмет айтамын. Ол осының алдында аргентиналық Хьюго Хернан Гарайды жеңіп, чемпиондық атақты  иеленген болатын», деп атап көрсетті Б.Шүменов.

Кәсіби рингте жеңіліс көрмеген орта ауыр салмақтағы боксшы Бейбіт Шүменовөзінің тоғызыншы  жекпе-жегін қазіргі чемпион Габриель Кампилломентамыздың 15-і күні  өткізбек.

2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы қазақстандық Бейбіт Шүменов Азия Бокс кеңесі ұйымының Бүкіләлемдік Бокс кеңесі тұжырымдамасы бойынша 2008 жылдың ең мықты боксшысы, сонымен қатар Халықаралық Бокс қауымдастығы атағының иегері, қазіргі уақытта WBA  тұжырымдамасы бойынша №8 рейтингте орналасқан. Кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп барлығын жеңіспен аяқтады. Соның ішінде 6-уы нокаутпен.

Осыдан екі ай бұрын Қазақстанда Бейбіт бұрынғы әлем чемпионы Байрон Митчелді төртінші раундта жеңген болатын. Оған қоса, Шүменов жас кәсіпқой боксшы мансабының бастауында бұрынғы әлем чемпионы Монтелл Гриффин мен әлем чемпионы атағынан үміткер Эпифанио Мендозаны жеңген. 

Еуропаның бұрынғы чемпионы Кампилло Испания елінің мықты солақай боксшысы, Аргентинада жергілікті шебер Хьюго Хернан Гарайға қарсы шығып, 20 маусым күні 12 раундтың нәтижесінде  WBA тәжін жеңіп алған.

Сонымен қатар 15 тамызда басты жекпе-жектің алдында бірнеше кездесу өтеді. Атап айтқанда, Өзбекстанның 4 дүркін әуесқой бокстағы чемпионы Гайрат Ахмедов пен Шығыс және Орта Африканың бұрынғы танымал боксшысы Дуглас Отиено  рингке шығады. 

WBО-ның орта салмақтағы бұрынғы чемпионы  ДеМаркусКорли, Джеймс Кимориге қарсы 8 раундты серияда шығады.

KZ Event Productions компаниясының жаңадан танылып келе жатқан әлемдік деңгейдегі боксшылары қатарынан өзбекстандық 1-ші орта салмақ боксшысы, 2007 жылғы әлемдік әскери ойындардың алтын  жүлдегері  Равшан Худойназаров Кенияның бұрынғы чемпионы Джозеф Миюмомен  6 раундты серияда қолғап түйістірмек.